+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Талдықорғанда коронавирусты ерте анықтауға мүмкіндік беретін жүйе іске қосылды

2020 жылғы 20 қазан 10:45
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда коронавирусты ерте анықтауға мүмкіндік беретін жүйе іске қосылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда коронавирус инфекциясын ерте анықтауға мүмкіндік беретін жүйе жұмыс жасауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдікке сілтеме жасап.

«Пневмонияны емдеудің сәтті әрі тиімді жүргізілуінде оны ерте кезеңнен анықтаудың маңызы зор. Осыған байланысты Алматы облысында Талдықорған қалалық көп салалы ауруханасындағы Жағдаяттық орталық базасында коронавирустық пневмонияны енді басталып келе жатқан кезінен анықтайтын ПАКС-жүйесі орнатылған. Жоба өңірдің 17 медициналық мекемесін қамтиды, қазірдің өзінде 2 мыңдай адам тексерілген. Бұл - отандық және түрік мамандарының бірлескен жобасы», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

ІТ-компания директоры Ерлан Жәнібековтің айтуынша, бұл жобаны олар жеке қаражатына жүзеге асырған. Жасанды интеллекті жұмысының көмегімен коронавирустық пневмонияны жаңа басталған кезінен анықтауға мүмкіндік туды. Бұл емдеуді жеңілдетіп, толық сауығып шығатын адам санын арттыруға көмек етеді.

Жалпы коронавирустың болуы мүмкін екінші толқынына дайындық шеңберінде өңірде медициналық мекемелерді құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысы белсенді жүргізілуде. Қазіргі кезде 9 медициналық мекемеде, яғни Панфилов, Алакөл, Кеген, Қарасай, Жамбыл, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандарында және Талдықорғандағы облыстық ауруханада кислород стансасы орнатылып, жұмыс істеп тұр. Таяу күндері Сарқан ауданында осындай станса орнату ісі аяқталады. Сөйтіп, кислород стансасымен қамтылған ауруханалар саны өңірде 13-ке жетеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT