+7 (701) 759 90 19
USD 410.70 EUR 465.28
RUB 5.80 CNY 58.81
Jańalyqtar

Талдықорғанда коронавирусты екі аптада 75 адам жұқтырды

2020 жылғы 30 мамыр 10:59
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда коронавирусты екі аптада 75 адам жұқтырды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында COVID-19 жұқтырған тағы 23 адам тіркелді. Оның 10-ы Талдықорған қаласында анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында коронавируспен 3,5 мыңнан астам медицина қызметкері күресуде Алматы облысында 100 жедел жәрдем көлігі сатып алынды Алматы облыстық экономикалық сотының барлық қызметкері карантинге оқшауланды

Сондай-ақ Қапшағай қаласында – 8, Қарасай, Панфилов, Алакөл аудандарында – бір-бір жағдайдан және Текелі қаласында 2 науқас тіркелді.

14 адам – коронавирус диагнозы қойылған науқастармен байланыста болғандар, 9-ының індеті профилактикалық тексеру барысында анықталды.

Барлығы бұған дейін оқшауландырылған. Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.

Эпидемиологиялық тексерулер жалғасуда.

30 мамырдағы жағдай бойынша жалпы Алматы облысында инфекция жұқтырған 349 адам тіркелген. Оның 180-і індеттен жазылып шықты.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы облысында коронавируске шалдыққан алғашқы науқас 21 наурызда анықталды. Ол кезде Меккеден ұшып келген Қарасай ауданының 1986 жылғы тұрғыны денсаулығына шағымданып, дәрігерлерге хабар берген еді. Алынған сынама коронавируске оң нәтиже көрсеткен.

Ал Талдықорғанда індет 14 мамырда тіркелді. Елімізде төтенше жағдай жарияланған сәтте вирустан аман болған облыс орталығында қазір карантин жалғасып, санитарлық бекеттер жұмыстарын жалғастыруда.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT