Талдықорғанда коронавирус жұқтырған полицейдің 85 әріптесі үй карантиніне жатқызылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында коронавирус жұқтырған полицеймен қарым-қатынаста болған 150-ден астам адам анықталды. Олардың 85-і тәртіп сақшылары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батальон командирінің қазіргі жағдайы тұрақты. Бұл туралы баспасөз мәслихатында облыстың бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұханбетов мәлімдеді. Қазіргі таңда науқас Еңбекшіқазақ ауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

«Ол жедел респераторлық инфекция диагнозымен дәрігерлер көмегіне өзі жүгінген. Тәртіп сақшысымен өте жақын қарым қатынаста болған отбасы мен ата-аналары барлығы 11 адам стационарлық карантинге оқшауланды. 85 әріптесі үй карантиніне жатқызылды. Барлығынан сынама алынды, нәтижелері біраз уақытта дайын болады», - деді Қайрат Баймұханбетов. Сондай-ақ облыстың бас санитарлық дәрігері бір адамға бола Талдықорған қаласын қайта карантинге жабылмайтынын атап өтті.

Егер шаһарда эпидемиологиялық ахуал күрделенсе облыс орталығында карантиндік шаралар белгіленген алгоритмге сәйкес күшейтіледі.


Соңғы жаңалықтар