Талдықорғанда көпқабатты үйден өрт шықты, 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда жаңадан бой көтерген 7-ықшам ауданындағы көпқабатты үйден өрт шықты.

Қызыл жалынның түтіні лезде тарап, тұрғындар иіс тиіп қалмау мақсатында қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Эвакуацияланған 20 тұрғынның 7-еуі - балалар.  Зардап шеккендер жоқ. Өрт пəтерлердің бірінен шыққан, қазір оның себебі  анықталуда.

Төтенше жағдайлар қызметінің мəліметінше, тілсіз жау дер кезінде сөндірілді жəне оның өзге пəтерлерге ауысуына жол берілген жоқ.  Өрт сөндіру қызметінің кезекші бөліміне ақпарат 12.15-те  қабылданды.  Жалын 12.27-де сөндіріліп, 12.35-те толығымен ауыздықталды.  Қазір жағдай қалыпты. Тұрғындар үйлеріне қайта оралды.

Соңғы жаңалықтар