Талдықорғанда коммунистер балалар құқығын қорғауды қолға алмақ

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қазақстан коммунистік халық партиясы Алматы облыстық филиалының өкілдері балаларды тұрмыстық зорлық-зомбылық пен кибербуллингтен қорғау тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараға білім департаменті, ювиналды полиция өкілдері, қоғамдық ұйымдар мен аулалық клуб жетекшілері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстанның коммунистік халық партиясының мәліметінше елімізде пандемия салдарынан тұрмыстық зорлық-зомбылық 30 пайызға артқан.
Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік желілер арқылы «кибербуллинг» шабуылдары жиілеп барады.
Осы деректерді алға тартқан партия ел ішінде сауалнама жүргізіп, қазіргі қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныс жинауға кірісті.
«Кейбір заңнама батысқа еліктеумен енгізілген. Бұл біздің мемлекетіміздің көзқарасына қайшы екен. Сондықтан соның барлығын қортындылап, дұрыс жолын тапсақ деп ойлаймын», - дейді партияның Алматы облыстық филиалының бірінші хатшысы Сәуле Биғарова.
Дөңгелек үстелде көтерілген мәселелердің бәрі жинақталып, партияның Парламенттегі өкілдеріне жөнелтілмек.
- Алматы облысында педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Алматы облысында қашықтан оқыған 300 оқушыдан коронавирус анықталды
- Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
- Қарағанды облыстық мәслихатының құрамы 60 пайыздан астам жаңарды
-
Партияларға Парламентке өтуге мүмкіндік жоғарылайды - Әли Бектаев
-
Қазақстанда онлайн-петиция институтын енгізу іске асыру тетіктерін пысықтауды талап етеді - сарапшы
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам