Талдықорғанда көлік қаққан оқушы ес-түссіз жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда көлік қаққан оқушы ес-түссіз жатыр. Дәрігерлер 2007 жылғы баланың жағдайы ауыр екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Жастар паркі жанында көлік қағып кеткен Айғаным Сейітқазының жағдайы ауыр. Бала бас ми жарақатын алған. Мойын омыртқасы жабық түрде сынған. Науқас жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр», деп мәлім етті Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертеңгі 9:00-дер шамасында 11 жастағы мектеп оқушысын көлік қағып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиғада үш көлік соқтығысқан. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Талдықорғанда полиция көлік қағып кеткен қыз баланың ата-анасын іздестірген болатын. Баланың аты-жөні беймәлім еді. Кейіннен зардап шеккен жеткіншектің анасы табылды. 

Соңғы жаңалықтар