Талдықорғанда көлік қаққан баланың аты-жөні белгісіз - ІІД

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахметов көлік қаққан қыз баланың аты-жөні анықталмағанын жеткізді. Ал полицейдердің болжамынша, зардап шеккен қыз шамамен 10-12 жаста, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Бүгін таңертең болған жол-көлік оқиғасы барысында үш автокөлік яғни, «Тойота Камри», «Тойота Карина» және «Ниссан» маркалы машиналары соқтығысқан. Осы көліктің біреуі бастапқыда қыз баланы қағып кетпес үшін, келесі машинаға соғылған. Бірақ баланы бәрібір қағып кеткен. Қазір жасы шамамен 10-12 жастағы қыз облыстық балалар ауруханасында жатыр. Аты-жөні белгісіз. Тәртіп сақшылары анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді К. Нұрахметов.

Сондай-ақ ведомстваның мәліметінше, осы оқиғаға байланысты соталды тергеу басталды.

Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Талдықорғанда көлік қағып кеткен бланың ата-анасы іздестіріліп жатқанын хабаралаған болатынбыз. Баланың спорттық киімі мен сөмкесі әлеуметтік желіге жарияланған.

Әлеуметтік желіге жарияланған суреттерге қарағанда, баланы жаяу жүргіншілер жолында қағып кеткен.

Соңғы жаңалықтар