Талдықорғанда көлік қағып кеткен оқушының ата-анасы іздестірілуде

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Талдықорғанда бүгін таңертең мектеп оқушысын көлік  қағып кетті. Қазір әлеуметтік желі арқылы баланың киімдері жарияланып, ата-анасы іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін таңертең Жалайыр даңғылында зардап шеккен баланың ата-анасын іздестіріп жатырмыз. Бала тірі, қазір жансақтау бөлімінде жатыр», делінген әлеуметтік желіде жарияланған хабарламада.

Сондай-ақ жазбада телефон нөмірі көрсетілген. Ал агенттік тілшісі бұл нөмірге хабарласты. Тұтқаны әйел адам көтерді.

«Мен бұл баланың туысы емеспін. Қазір ата-анасын іздестіріп жатырмыз. Өйткені болған жағдай туралы, баланың жақындары әлі хабарсыз», деді ол.

Ал ІІД баспасөз қызметінің өкілдері әзірге бұл жайт  туралы пікір білдірмеді, бірақ оқиғанын мән-жайын анықтағаннан кейін хабар беретіндерін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар