Талдықорғанда көлік қағып кеткен оқушының анасы табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда көлік қағып кеткен оқушының анасы табылды. Зардап шеккен бала 2007 жылы туған Айғаным Сейітқызы екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізге жаңа ғана хабарлама келіп түсті. Баланың анасы табылды. Қазір ол ауруханада қызының жанында. Бүгін таңертеңгі сағат 9:00-дер шамасында болған осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345 бабы бойынша іс қозғалып, соталды тергеу жүріп жатыр», - деді ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахметов.

Айта кету керек, аталған жол-көлік оқиғасында үш автокөлік соқтығысты.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Талдықорғанда полиция көлік қағып кеткен қыз баланың ата-анасын іздестірген болатын. Баланың аты-жөні беймәлім еді. Сондай-ақ баланың мектеп сөмкесі мен киімдері әлеуметтік желіге жарияланды. 

Соңғы жаңалықтар