Талдықорғанда көлік апатынан 4 адам мерт болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда көлік апатынан 4 адам мерт болды. Оның екеуі кәмелеттік жасқа толмаған бала, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Таллықорғанда «Субару Импреза» автокөлігі 18-ақпан күні таңғы сағат 05:45 шамасында көлік апатына ұшырады. Жансүгіров көшесімен келе жатқан көлік жүргізушісі қаланың шетінде рөлге ие бола алмай, көлік аударылған. Салдарынан машина өртенді. Оқиға орнында екі адам мерт болды»,- делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, тағы екі кәмелеттік жасқа толмаған баланы қалалық ауруханаға жеткізген. Бірақ олар жансақтау бөлімінде қайтыс болған. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар