Талдықорғанда қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттауы мүмкін

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда қоғамдық көлік ақысы қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған байланысты қалалық әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында ақпарат жарияланды.

«Соңғы рет қалалық қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы 2015 жылы көктемде өзгертілген болатын және ол 60 теңгені құрады. 2015, 2016, 2017 жылдар аралығында жолаушыларды тасымалдаушы мекемелер қозғалыс құрамын жаңа 23 автобуспен толықтырды, оның 10-ы үлкен сыйымдылықтағы автобустар.

Қазіргі уақытта қосалқы бөлшектердің, жанар - жағармайдың және көлік құралдарына көрсетілетін қызметтердің бағасы 60 -70 % - ға көтерілді. Жолаушыларды тасымалдаушы мекемелер жол жүру ақысын көтеру туралы бірнеше рет есеп берген болатын. Көрсетілген есептер бойынша 2015 жылмен салыстырғанда жанар-жағармай 99 теңгеден 147 теңгеге дейін артқан. 2015 жылдан бері жүргізушілердің де жалақылары көтерілмеген. Есептер ҚР Көлік жене комуникация министрлігінің 13 қазан 2011 жылғы № 614, қалаішілік тұрақты жолаушы тасымалдау бағыттарының жол жүру тарифтерін бекіту туралы әдіс - тәсілімен есептелген, келтірілген есептердің орташа тариф құны - 130 теңгені құрады.

Тасымалдаушы мекемелер жол жүру құнының арзандығына байланысты өз шығындарын жаба алмауда, қалалық желі бағыттарының көпшілігі қосалқы бөлшектердің және тағы басқа керек - жарақтың қымбаттауына байланысты тиімсіз болып отыр. Соның салдарынан жолаушыларға қызмет көрсету сапасы төмендеп кетті, себебі бұзылған автобустарға уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізе алмайды, жұмысшыларға жалақы төлей алмайды.

«Талдықорған қаласындағы жол жүру құны ҚР бойынша ең төменгі тарифтердің бірі болып табылады, сол себепті қалалық қоғамдық көліктегі жол жүру құнын қымбаттатуға қажеттілік туып отыр», - делінген.

Әзірге жол жүру құны нақты қанша теңге болатыны белгісіз. Әкімдік, басқа қалалардағы қоғамдық көліктердің де бағасын жариялаған.

Соңғы жаңалықтар