Талдықорғанда қарт әйелді көлік қағып кетті

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жол апаты 1 қазанға қараған түні Талдықорған маңынан өтетін Алматы-Өскемен автожолында орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақтағы Полиция департаментінің мәліметінше, 65 жастағы Toyota Hiace жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, белгісіз әйелді қағып кеткен.

«Болжам бойынша әйел 60-70 жаста. Жүргізушінің айтуынша, азаматша жол бойында отырған.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде. Полицейлер қайтыс болған адамның жеке басын анықтауда», - деп жазды ведомстводан.

Сондай-ақ, 1-қазан күні Алматы-Өскемен тасжолының Қызылағаш ауылының маңында жеңіл автокөлік жылқымен соқтығысып, бір адам мерт болғанын хабарлаған болатынбыз.
Соңғы жаңалықтар