Талдықорғанда кәріз құдығынан 52 жастағы ер кісінің денесі табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда кәріз құдығынан ер адамның мүрдесі табылды. Күдікті ретінде тұрғылықты мекен-жайы жоқ үйсіз ер адам ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Талдықорған қаласында тұрғылықты мекенжайы жоқ 40 жастағы күдікті қаңғыбас адам өлтіріп, мәйітін кәріз құдығына жасырып қойған.

«11 ақпан күні Талдықорған қаласында кәріз құдығын тексеріп жүрген коммуналдық қызметтің мамандары кісі қолынан өлген адамның денесін тауып алған. Сараптама өлтірілген адамның денесінен 20 рет сұғылған пышақтың ізін анықтаған. Қайтыс болған адам Сарқан ауданының 52 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол соңғы жарты жылда қаңғыбастыққа салынып, өмір сүрген»,- делінген ведомствоның таратқан хабарламасында.

Тергеу кезінде анықталғандай, екі қаңғыбастың арасындағы жанжал кәріз құдығына таластан басталған.

Екеуі сол жерде өмір сүрген. Қазір күдіктіден пышақ айғақ зат ретінде тәркіленді.

Адам өлтірді деген үйсіз адам қамауға алынды.

Тергеу ҚР ҚК 99 бабы бойынша жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар