Талдықорғанда Қаратал өзені ерекше түске боялды
2022 жылғы 29 маусым 14:59

Талдықорғанда Қаратал өзені ерекше түске боялды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қаратал өзеніне белгісіз зат төгіліп, су ерекше түске бояды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы бойынша экология департаменті боялған суды Талдықорған қаласының Өтенай ауылдық округінен 12-13 шақырым жерде Қаратал өзенінің жағасынан анықтады.

Экологтар полиция, прокуратура, әкімдік, азаматтық қорғау қызметкерлерімен бірге азамат А.Лучкиннің өтінішінен кейін оқиға орнына барды.

«Зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандары Қаратал өзенінің жағасынан және белгісіз майға ұқсас заттың төгінділері орнынан химиялық талдау жүргізу үшін су сынамаларын алды»,- деп хабарлады экология департаментінен.

Кінәлі тұлғаны анықтау үшін полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіліп жатыр.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT