+7 (701) 759 90 19
USD 418.67 EUR 507.64
RUB 5.71 CNY 64.74
Jańalyqtar

Талдықорғанда карантин кезінде жезөкшелер қызмет еткен притон әшкереленді

2020 жылғы 7 тамыз 15:15
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда карантин кезінде жезөкшелер қызмет еткен притон әшкереленді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында орналасқан қонақ үйлердің бірінің қызметін тексеру барысында онда жезөкшелер қызмет ететінін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тексеру кезінде тәнін саудалайтын 10 бойжеткен ұсталды. Олардың үшеуі көрші Өзбекстанның азаматшасы. Жеңіл жүрісті қыздардың қызметін 29 жастағы жергілікті әйел ұйымдастырып келген.

«Көрші республикадан келген заңсыз иммигранттарға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешіміне сәйкес олар таяуда елімізден депортацияланады. Өйткені олардың барлығы қолданыстағы көші-қон заңнамасын өрескел бұзған білгілі болды. Сонымен қатар, барлық ұсталған адамдар, оның ішінде қонақ үй кешенінің бірнеше қызметкері полицияның тіркеу дерекқоры бойынша тексеруден өтті. Себебі, көп жағдайда бұл санаттағы азаматтардың әртүрлі қылмыстарға қатысы болады», - деді Криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр.

Қыздар ақшалай сыйақы үшін интимдік қызметтер көрсеткенін жоққа шығармады.

«Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұстау, сондай-ақ жеңгетайлық үшін осы мекеменің әкімшісі жауапқа тартылды. Әйел пәтерді жеңіл жүрісті қыздарға жалға берген, олар әр клиенттен түскен пайданың белгілі бір бөлігін жеңгетайға тапсырып отырған. Сондай-ақ, қонақүй әкімшісі карантин шараларын өрескел бұзғаны үшін де жауапкершілікке тартылады», - деді Асхат Данияр.

Күдікті клиенттен ақша алу үстінде ұсталды. Барлық айғақ заттар притонды ұйымдастыру немесе ұстау дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іске тіркелді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT