Талдықорғанда қаңтарда бүлінген әкімдік пен полиция ғимараты әлі жөнделіп біткен жоқ

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген ғимараттарды қалпына келтіру жұмысы уақытында аяқталмады. Мәселен, облыстық әкімдік ғимараты 31 қыркүйекте, ал қалалық полицияның мекемесі 31 тамызда аяқталуы тиіс болған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір облыстық әкімдік ғимаратын қалпына келтіруге 5 млрд 850 млн теңге қаржы бөлінген.

Ал нысандағы жұымстарды Алматының «Техноснаб -2002» деп аталатын мергігер компаниясы жүргізіп жатыр.

Ал Жетісу облысындағы құрылыс басқармасының бастығы облыс әкімдігі ғимаратын қалпына келтіру жұмысының тек 45 пайызы ғана аяқталған дейді.

Облыс екіге бөлінгендіктен қаржы дер кезінде түспеген, мердігер нысанды уақтылы тапсырып үлгермеді, сондықтан оларға ешқандай шара қолданылмайды.

«Біз мердігер компанияға шара қолдана алмаймыз, неге десеңіздер, бұлардың кінәсі жоқ. Мемлекеттік сараптаманың кеш шыққанына байланысты жұмыстар дер кезінде басталмады. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы нысанды 25 қарашаға дейін қосуға уақыт берді. Сондықтан мердігер де, біз де жұмыс жасап жатырмыз. 25 қарашаға дейін аяқтаймыз деп ойлаймын», - деді Жетісу облыстық құрылыс басқармасының басшысы Темірлан Бектасов.


Соңғы жаңалықтар