Талдықорғанда кадеттер жол полициясының жұмысына көмектеседі

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласының кадет оқушылары балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлеріне көмектеседі. Аталған шара «Абайлаңыз, БАЛАЛАР!» атты онкүндік шеңберінде ұйымдастырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл облыс орталығының екі білім ошағында жаңадан ашылған екі кадет сыныбы өз жұмысын бастады. Кадеттер, яғни, 5-сынып оқушылары, өз қатарластары арасындағы жол-көлік жарақатының алдын алуды ұйымдастыру ісіне өз үлестерін қосуда. Көлік жүргізушілерінің назарын аудару үшін ұйымдастырылған «Айқын бол!» акциясына белсене қатысқан кадеттер мектеп оқушыларына жарық шағылыстыратын белгілер мен смайлдар жапсырды. Ең алдымен, екінші ауысымда оқитын және үйіне кешірек қайтатын оқушыларды қамтуға тырыстық»,- дейді ІІД Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы полиция майоры Айжан Әлібайқызы.
null 

Айта кетерлігі, елімізде балалар арасындағы жол-көлік жарақаты өте өзекті мәселенің бірі саналады. Полиция мəліметіне сəйкес,  өңірде жыл басынан бері жол-көлік оқиғасынан кәмелет жасына толмаған 100-ден астам бала зардап шегіп, он екі бала мерт болған. Өз кезегінде, полиция азаматтарды жолда мұқият болуға, балалардың жарақаты мәселесіне бейжай қарамауға шақырады.

null 

Соңғы жаңалықтар