Талдықорғанда із-түзсіз жоғалған қыз бала табылмай жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда екі жастағы қыз баланы іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мамырдың 13-і күні жоғалған баладан әлі хабар жоқ, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

null

Алматы облыстық ТЖД ресми өкілі Азамат Жұртбаевтың сөзінше, бүгін жоғалған қызды іздеуге 60-тан астам адам жұмылдырылған. Өкінішке қарай әлі нәтиже жоқ. Бірақ қыз баланың аяқ киімінің сыңары өзен жағалауынан табылды. Ертең сүңгуірлер  Балықты және Қаратал өзендерін тағы бір мәрте шолып шығады. 2014 жылғы баланы іздестіруге Талдықорған қалалық ІІБ, Алматы облыстық ТЖД және ерікті азаматтар атсалысуда. 

null

Айта кетейік, жоғалған қыз баланың үйі өзен маңында орналасқан екен. 13 мамыр күні, сағат 11-лер шамасында Настя  үйінің жанында ойнап жүріп, жоғалып кеткен. Оң жақ мойын тұсында қалы бар, бойы шамамен 90 см болатын қыз баланы көргендер болса, 102 нөміріне хабарласуға болады.  

nullnull

Соңғы жаңалықтар