Талдықорғанда халықаралық жыршылар фестивалі өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай «Асыл мұра» атты жыршылардың халықаралық фестиваль-шеруі өтті. Шараға түркітілдес елдердің 10-нан астам жыршысы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған фестивальге Түркия, Қырғызстан, Қарақалпақстан елдері мен қазақстандық жыршылар қатысып, ұлттық өнерлерін қалың жұртқа паш етті. Фестиваль мақсаты - ұлттық өнерімізді сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізу жолында жыршы-жыраулардың есімдерін кеңінен насихаттау. Жыршылардың шығармашылығын өскелең ұрпаққа үлгі ете отырып,  еліміздегі жыршылық дәстүрді қайта жаңғырту. Жас ұрпақты ұлттық өнеріміздің қыр-сырына баулып, әдебиеті мен тарихын тануға мүмкіндік жасап, өнер шеберлерінің шығармашылығына тың серпін беру, дейді ұйымдастырушылар.

Түркияның Анкара қаласынан келген халықаралық байқаулардың лауреаты, жыршы Ирфан Гюрдал жыраулық өнер түркі дүниесін біріктіретінін айтады. Жырлар мен дастандар бәрімізге ортақ қазына деп атап өткен өнер иесі фестивальде «Көроғлу» дастанын орындады.

Соңғы жаңалықтар