Талдықорғанда Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне арналған шара өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Облыс орталығында Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне арналған шара өтті.

Қала жастары ескерткіштер аумағы маңайын санитарлық тазалау және көркейту бойынша сенбілік өткізді. Сонымен бірге осы өңірлерде көркемөнерпаз шығармашылық ұжымдары Халықаралық ескерткіштер күніне бағыштап арнайы әзірленген концерттер қойды.

Қалаға кіребірісте, Қабанбай батыр ескерткіші жанында, эстафета тапсыру тәсілімен жеңіл атлетикалық жарыс жалауы көтеріліп, одан әрі Интернационалист-жауынгерлер, Даңқ обелискісі, Ақын Сара, Ғали Орманов, Үш бәйтерек, Ілияс Жансүгіров пен Қадырғали Жалаири ескерткіші жанында жалғасын тапты.

Соңғы жаңалықтар