Талдықорғанда газ тартып беремін деп тұрғындарды алдаған күдікті ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда газ тартып беремін деп елді алдады деген күдікпен 1992 жылғы тұрғын ұсталды. Қазір күдіктінің үстінен ҚР ҚК 190 бабының (Алаяқтық) 3 бөлігі 3 тармағы бойынша іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктінің үстінен бүгінгі күні 22 арыз түскен. Әзірге тұрғындарға келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр.

Талдықорғандық Әділ Кәкилат газ тартатын компанияның «өкіліне» алданғандардың бірімін дейді. Оның сөзінше, біреулерден Дәурен атты жігіттің нөмірін алыпты. Ол өзін «Газтранс Аймақ» серіктестігінің қызметкерімін деп таныстырған. Содан екі жақ келісім-шарт жасасқан. Жалған Мердігер көгілдір отын жүретін құбырды үйдің ішіне дейін кіргізгені үшін 100 мың теңге алған да, ізін суытқан.

«Біз бәрін қатырамыз деді, сосын ақшаны бердік», - дейді зейнеткер Әділ Кәкилат.

Ал жалған мердігер жүргізген құбырлардың көбі талапқа сай емес екен. Сондықтан, газға қосуға рұқсат берілмей тұр. Яғни, тұрғындардың тағы шығындалуына тура келеді.

Соңғы жаңалықтар