Талдықорғанда Ескелді бидің 325 жылдығы аталып өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Талдықорғанда Ескелді би Жылгелдіұлының 325 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

«Ерлігі мұра- Ескелді би» атты өнер додасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылып отыр.
null 

Жетісулықтардың делебесін қоздырған айтысқа 5 облыс, 3 қаладан 10 ақын қатысып, өзара мықтыны анықтады. Олардың қатарында Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек Имашев, Сара Тоқтамысқызы, Жандарбек Бұлғақов сынды азулы ақындар мен жас ақындар да бар.
null 

Шараның басты мақсаты елі үшін еңбек еткен тарихи тұлғаның өмірін, ерліктері мен төрелігін ақындар тілімен насихаттау.

Ескелді бидің ел білмейтін тұстарын ұрпаққа айтып, бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне де тоқталу. Ақындар әзіл-қалжыңды араластыра отырып, қоғамда орын алған кейбір проблемаларды көтеріп, латын әліпбиіне көшу, тіл мен дін, рухани жаңғыру сынды басқа да тақырыптарды қамтып отырды.

Соңғы жаңалықтар