Талдықорғанда ерікті мектеп клубтарының слеті өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының ІІ слеті өтті. Бұл ұйым ел тізгінін ұстайтын жастар санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында құрылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшылығының ұйытқысымен былтыр мектептерде «Адал ұрпақ» атты ерікті клубтар ашылған болатын. Бүгінде мұндай клуб саны 760-қа жетіп, ондағы оқушылар саны 230 мыңнан асты.

Облыс орталығында өткен слетке ең үлгілі деген бес ауданның клубы арнайы шақырылып, талдықорғандық замандастарының тыныс-тіршілігі таныстырылды.

 І. Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында оқушылар қолынан шыққан робототехника көрмесі ұйымдастырылып, департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев клуб мүшелеріне адал ұрпақ қандай болу керектігі туралы ойларын ортаға салды.

«Жастар сапалы білім, саналы тәрбие ала отырып, бойларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып өскенде ғана еліміз бұл індеттен арылады», - деді Серікбай Нұрғисаев.

Соңғы жаңалықтар