Талдықорғанда ерікті құтқарушылар марапатталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанда «Жетісу» телеарнасының екі қызметкеріне облыстық ТЖД өкілдері құрмет көрсетті. Режиссер Данияр Мұстафаев пен бейнеинженер Нұржан Алашбаев өрт шыққан пәтерден бірнеше тұрғынды далаға шығарған. Осылайша олар көршілерін иіс тиіп уланудан аман алып қалды.

Ержүрек азаматтарға облыстық ТЖД басшылары Алғыс хаттар табыстап, құтқарушылардың бұл қадамы өзгелерге үлгі екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай Талдықорған қаласының 7-ші ықшам ауданында 30-шы қазанда орын алды. 20 адам қауіпсіз жерге көшіріліп,  қызыл жалын санаулы минуттарда ауыздықталды. Өрт сөндірушілердің мәлімдеуінше тілсіз жау электр желісінің тұйықталуынан болған.

null null  

Соңғы жаңалықтар