+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Талдықорғанда электрондық хаттамалар толтырыла бастады

2017 жылғы 11 желтоқсан 15:56
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда электрондық хаттамалар толтырыла бастады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы бойынша ең алғаш электрондық хаттамалар Талдықорған қаласында толтырыла бастады. Бір айдың ішінде 30-дан астам әкімшілік құқық бұзған азаматқа оқиға орнында хаттама толтырылып берілді, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Қағазбастылықтан құтылуды мақсат еткен бұл жоба сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге бағытталған. Облыс орталығында жолда жүру ережесін сақтамай немесе басқа да әкімшілік заңбұзушылыққа жол берген тұлғаларға арнайы бағдарламалар орнатылған планшет арқылы хаттама толтырылып, қолма-қол сол жерде шығарылып беріледі.

Мұндай әдістің тағы бір ерекшелігі әрбір заң бұзу фактісі туралы мәлімет бірден Ішкі істер министрлігінің дерекқорына енгізіледі.

Қала прокуроры Артықбек Пашаевтың айтуынша, бұл бастама мемлекеттік органдар мен халық арасындағы ашықтықты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ көз қысты, бармақ басты әрекеттердің жолы кесіледі деген пікірде.

Қазіргі таңда талдықорғандық тәртіп сақшылары сынақ ретінде 3 жаңа электронды хаттама толтыру кешенімен қамтамасыз етілген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT