×
Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.01 EUR 423.24
RUB 5.90 CNY 54.92
Jańalyqtar

Талдықорғанда екінші қабаттан құлаған бала жайлы тың деректер белгілі болды

2019 жылғы 16 мамыр 12:06 5242
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда екінші қабаттан құлаған бала жайлы тың деректер белгілі болды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда №19 мектеп-гимназияға қарасты шағын орталықтың екінші қабатынан құлаған баланың ата-анасы сол мектепте жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде бір күнде үш бала терезеден құлап кетті Қостанайда 8 жасар бала баспалдақтан құлап кетті

№19 мектеп-гимназиясының директоры Қайрат Сарқытовтың айтуынша, бала шағын орталыққа екі күн бұрын ғана қабылданған.  Ал екі жасар қыздың әкесі - дене тәрбиесінің, ал анасы - бастауыш сынып мұғалімі.

«Шағын орталықтың ашылғанына он жыл болды. Тәрбиешінің де бұл жерде жұмыс істеп жатқанына 10 жыл уақыт болған. Өте тәжірибелі маман. Оқиға жайлы басқа ештеңе айта алмаймын. Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр»,-деді Қайрат Сарқытов.

Естеріңізге сала кетейік, 15 мамыр күні шағын орталықтың екінші қабатынан екі жасар бала құлап кетті. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Ал полицейлер аталған факті бойынша сот алды тергеу жүргізуде.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT