Талдықорғанда екінші қабаттан құлаған бала комада жатыр- дәрігер

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда екінші қабаттан құлаған екі жасар сәби әлі есін жиған жоқ. Бірінші дәрежелі комада жатқан бүлдіршін арнайы аппараттың көмегімен тыныс алуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«15 мамыр күні сағат 12:30 да екі жастағы бала жедел жәрдеммен жеткізілді. Баланың жағдайы өте нашар болды, бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі күні баланың жағдайы бірқалыпты. Басына қатты зақым келген. Басқа мүшелері сау. Бала комада, арнайы аппараттың көмегімен тыныс алуда. Бүлдіршін әлі есін жиған жоқ. Бірінші дәрежелі комада жатыр», - деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Марат Досқалиев.

Айта кетейік, екі жастағы Аруна Қуанышқызы мектеп жанындағы шағын орталыққа екі күн бұрын ғана қабылданғанын бұған дейін жазған болатынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, 15 мамыр күні шағын орталықтың екінші қабатынан екі жасар бала құлап кетті. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Ал полицейлер аталған факті бойынша сот алды тергеу жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар