Талдықорғанда екі жаңа мектеп ашылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Бүгін  Талдықорған қаласында 1200 орындық қос мектептің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа мектептердің ашылуына өңір басшысы Амандық Баталов келіп, барша қауымды білім күнімен құттықтады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жетінші шағын аудандағы №28 IT мектеп-лицейі 9 блоктан тұрады. 3 қабаттан тұратын жаңа білім шаңырағында 59 оқу кабинеті, 3 шеберхана, 2 спортзал, акт залы, кітапхана, асхана, медициналық кабинеттер бар. Бұл мектепке қабылданған бала санының көп болғаны сонша, бірінші сыныптың бірден 9-класы ашылды. Яғни "А" сыныбынан бастап "З" сыныбына дейін балалар алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.

null
Айта кету керек, бұл мектеп қалада жаңадан ашылған жетінші шағын ауданда бой көтерген. Ал бұл ауданда тұратын халықтың басым бөлігі - жас отбасылар.

Өңір басшысы қонақтармен бірге химия, физика, ағылшын тілі, спорт және акт залдары мен асхананы аралап шықты.

Осыдан кейін Амандық Ғаббасұлы қаладағы №27 орта мектептің лентасын қиып,  алғашқы қоңырауына қатысып,  білім алушылар мен олардың ата-аналарын құттықтады.

null
Бұл мектеп 5 оқу блогынан тұрады. Мұнда 61 оқу кабинеті, 3 шеберхана, спорт және акт залдары, кітапхана, асхана мен медициналық қызметкер кабинеті қарастырылған.

null
Естеріңізге салар болсақ, бүгін облыс бойынша 45 000 бала бірінші сыныпқа қабылданып, алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.

Соңғы жаңалықтар