Талдықорғанда екі подъез бен бір жер үй карантинге жабылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласында коронавирус шыққан ошақтар анықталып, карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Талдықорған қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, коронавирус анықталған үйлер карантинге алынды. Індет ошағы ретінде Достық шағын ауданындағы N25-үйдің бір подъезі, Қаблиса жырау N211 Е үйдің 4-ші подъезі және Сланов көшесіндегі N76 үй карантинге жабылды. Енді бұл тұрғын үйлерден ешкімге далаға шығуға рұқсат берілмейді.

Аталған мекенжайлар 16 мамырдан 29 мамырға дейін карантинде болады, олардың тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Еске салсақ, Алматы облысында коронавируспен ауырған 201 адам тіркелген. Оның 7-еуі – Талдықорған қаласында анықталған.


Соңғы жаңалықтар