Талдықорғанда екі күнде екі баланы көлік қағып, мерт қылды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Талдықорғанда екі күнде екі баланы көлік қақты. Бүлдіршіндер оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші жағдай Көктал шағынауданында болды. Көшеде ойнап жүрген үш жасар бала ассинизатор көлігі – Газ-53-тің, астында қалып қалған. Жүк көлігінің рулінде 43 жастағы ер адам болған.

Екінші жағдай Талдықорған – Үштөбе айналма жолында тіркелді. Қоғамдық көліктен түскен 8 жасар оқушы қызды жолдан өте берген кезде Газель қағып кеткен.

Екі жағдай бойынша іс қозғаған тәртіп сақшылары ата-аналарды өз балаларына сақ болуын ескертеді.

«Екі фактіге қатысты қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігінде көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Екі көлік те арнайы автотұраққа орналастырылды», - деді Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ресми өкілі Әлия Жұмаділова.


Соңғы жаңалықтар