Талдықорғанда екі күн бұрын жоғалған оқушылар табылмай жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда бір мектептің 2003 жылы туған екі оқушысы жоғалып кетті. Кәмелет жасына толмағандар 9 қазан күні мектепке кетіп, үйлеріне қайтып оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әзірге әлеуметтік желіде жоғалған оқушының біреуі - Александр Мартыновтың ғана суреті жарияланды. Еріктілер жоғалған баланы іздеуге көмек сұрап жатыр. Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі оқушыларды іздестіру  жұмыстары ауқымды түрде жүріп жатқанын жеткізді.

«Екі оқушының ата-анасынан балалардың жоғалғаны туралы арыз бүгін ғана түсті. Қазір Талдықорған қалалық ІІБ тәртіп сақшылары, ювеналды полицейлер, патруль қызметі, іздестіру бөлімінің жедел өкілдері ауқымды түрде іздеуді бастап кетті. Балаларды Талдықорғанмен қатар, қалаға жақын аудандардан және Алматы қаласынан да іздеп жатырмыз. Барлық компьютерлік клубтар, қараусыз жатқан бүкіл нысандар тексерілуде», -  деді Көбейхан Нұрахметов.

Айта кету керек, 9 қазаннан бастап із-түзсіз кеткен балалар бұған дейін де бірнеше мәрте үйлерінен кетіп қалған екен.

null

Соңғы жаңалықтар