Талдықорғанда екі баланы өрттен құтқарған студент грантқа ауыстырылады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда 6 наурызда екі кішкентай қызды өрттен аман алып қалған Арман Бақытбай ЖОО-да ақылы бөлімнен тегін бөлімге ауыстырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 19 жастағы Арманды қабылдап, құрмет көрсетті. Баланың тұрмыстық жағдайын сұраған әкім 1-ші курс студентін ақылы бөлімнен әкім грантына ауыстыруға көмектесетінін жеткізді. Жетісу Мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт мамандығында оқып жатқан болашақ мұғалім қазіргі уақытта оқуына 433 мың теңге төлейді.

«Арман жарайсың! Сенің жасаған ерлігін барлық жастарға үлгі болсын. Біз сенің оқуының грант мәселесіне және қарындасына да тегін әкімнің білім грантын беретін боламыз. Қарындасыңа айт, оқуға түсемін дегенде біз көмектесеміз», - деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Арман Бақытбайдың анасы 2011 жылы қайтыс болған. Әкесі зейнеткер. Артынан ерген жалғыз қарындасы бар. Ол қазір 8 сыныпта оқиды.

Еске слаа кетейік, Арман Бақытбай 6 наурыз күні 8 және 2 жастағы кішкентай қыздарды өрттен аман алып қалды.

«Осы үйдің жанынан өтіп бара жатыр едім, екі бүлдіршіннің дауысын естідім, өрт болды. «Құтқарыңыз, құтқарыңыз» деген. Екінші қабатқа шығып қарасам, пәтердің есігі жабық екен. Балаларды сыртынан құлыпттап кеткен. Ар жағынан маған түтіннің иісі келе бастады. Балаларды үйден шығару үшін үйдің терезесінен кіріп, оларды сол терезе арқылы аман-есен шығардым», деді Арман Бақытбай.

Абырой болғанда пәтер өртенбеген. Қысқа тұйықталу салдарынан ұзартқышқа сұғулы тұрған ұялы телефонның қуаттағышы түтіндепті. Ал балалардың ата-аналары бұл уақытта жұмыста болған.

Соңғы жаңалықтар