Талдықорғанда дүкеннен аяқ киім ұрлағандар видеоға түсіп қалды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда дүкеннен аяқ киімді қолды еткен ұрылар видеокамераға түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция ұрлық жасаған екі әйелді ұстады.

«Аяқ киім бутигінің иесі жазған арыз 16 сәуірде тіркелді. Жәбірленушіге келтірілген залал 32 000 теңгеден асады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қалалық полиция қызметкерлері бейнежазбадағы әйелдердің бірін анықтап, ұстады. Ол Қонаев қаласының 44 жастағы тұрғыны болып шықты. Тағы біреуін іздестіру жалғасып жатыр»,- делінген Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу жүргізілуде.

Бақылау камерасынан алынған бейнежазба тергеу материалдарына заттай дәлелдеме ретінде тіркелді.



Соңғы жаңалықтар