Талдықорғанда дəрігерлердің 30 пайызы зейнеттік жаста

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Бүгінгі күні Талдықорғанда 950 дəрігер еңбек етіп жатса, олардың 30 проценті - зейнеттік және зейнетке шығар алдындағы жаста. Бұл жөнінде Талдықорған қаласы əкімінің орынбасары Мəрлен Көлбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір облыс орталығында денсаулық сақтау мекемелерінің 2018 жылға арналған жоспарына қатысты жиын өтіп жатыр. Кеңесте қала əкімінің орынбасары М. Көлбаев шаһарда дəрігерлердің  жетіспеушілігі жайында баяндады. Мәселен, бір ғана Талдықорған қаласына 78 дəрігер қажет.

"78 дəрігер Талдықорғанға келіп, жұмыс істеуге ниетті. Бірақ олардың барлығы бірінші кезекте, баспанамен қамтуды сұрап отыр", - деді М. Көлбаев қала əкіміне қарата айтқан сөзінде.

Ал Талдықорған қаласының əкімі  Бағдат Қарасаев шаһар бойынша 15 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұрғанын атап өтті. Оның 5 мыңнан астамы - мемлекеттік қызметкерлер.

Соңғы жаңалықтар