+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Талдықорғанда циркте өнер көрсетіп жатқан акробат биіктен құлап кетті

2018 жылғы 19 тамыз 03:00
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда циркте өнер көрсетіп жатқан акробат биіктен құлап кетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда циркте өнер көрсетіп жатқан акробат қыз көрерменнің көз алдында биіктен құлап кетті. Болған оқиға бейнежазбаға түсіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Видеода акробат қыздың биіктен құлаған сәті анық көрінеді. Сондай-ақ, бейнежазбада зардап шеккен қызды жедел жәрдем қызметінің көлігіне ер азаматтың көтеріп бара жатқан сәті де бар. Қазір бұл видео әлеуметтік желі арқылы жарияланды.

«Тура қойылым кезінде құлағанда, барлығымыз шошып кеттік. Балаларымыз қатты қорқып қалды. Ең бастысы, қыз аман. Қолын шығарып алды деп жатты. Көрермен ретінде айтар болсам, цирктің іші өте ыңғайсыз. Уақытша үлкен палатка етіп жасаған ғой, іші ыстық. Адамдар жүгіріп жүреді. Талдықорғанда цирк болмағандықтан, балаларымды апарып едім, көңілім мүлдем толмады», - деді оқиғаға куә болған Динара есімді Талдықорған тұрғыны.

Ал «Шапито» циркі Талдықорғанға Ресейден келген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT