Талдықорғанда цифрландыру және академиялық дәстүрлер атты халықаралық форум басталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғандағы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде «Болашақтың университеті: цифрландыру және академиялық дәстүрлер» атты Еуропалық одақ және Орталық Азия университеті ректорларының  форумы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық форумға Таллин университетінің ректоры Тиит Ланд (Эстония), Паллас қолданбалы ғылымдар университетінің ректоры Валерий Нуст (Эстония), Даугавпилс университетінің ректоры Ирэна Кокина (Латвия), Свече қаласындағы лингвистикалық-техникалық университетінің ректоры Эльжбетта Стерналь (Польша), Венгер бейнелеу өнері университетінің проректоры Адам Шабо (Венгрия), халықаралық қаржы орталығының директоры Ааре Лапонин (Эстония), Катовице экономикалық университетінің проректоры Стефан Дырка (Польша), Муками атындағы Қоқанд мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Азизжон Эминов (Өзбекстан), Әндіжан мемлекеттік университетінің ректоры Акрамжон Юлдашев (Өзбекстан), Кувейт халықаралық университетінің проректоры Болотбек Шатманалиев (Қырғызстан), Герцен атындағы Ресей мемемлекеттік педагогикалық университетінің менеджері Петр Самсонов (РФ), Ош мемлекеттік университетінің проректоры Идрис Кенжаев (Қырғызстан) және Шығыс Қазақстан, Қостанай, Арқалық, Алматы қалаларындағы жоғары оқу орындарының ректорлары қатысуда.null 

Ауқымды шара барысында  Еуропалық университеттердің сандық жүйеге көшуі және интернационалдануы; ғылым саласындағы жаппай байланыс жүйелерінің жаңа реформалары; халықаралық ынтымақтастықты дамытудың жаңа жолдары талқыланатын болады.

Екі күнге жалғасатын форум барысында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады деп жоспарлануда.

 null 

Соңғы жаңалықтар