Талдықорғанда бойжеткенді қағып, ізін жасырған жүргізуші ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорған қаласының полицейлері жаяу жүргінші жолағында бойжеткенді қағып, қашып құтылмақ болған көлік жүргізушісін қолға түсірді. Оқиға қаланың «Мүшелтой» шағынауданында мамырдың 25-нен 26-на қараған түнді болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мазда-626» көлігінің жүргізушісі 26 жастағы қызды қағып, оқиға орнынан темір тұлпарын тастап тұра безген. Ал әртүрлі жарақат алған бойжеткен ауруханаға жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жылдам тарап кеткендіктен дабыл қағылып, патрульдік топтар қаланы дереу шолуға шықты. Санаулы сағаттарда жол ережесін бұзушы анықталып, қалалық полиция басқармасына жеткізілді. Медициналық тексеру барысында жүргізушінің орта деңгейде мас болғаны анықталды. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше қазір көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жаяу жүргіншіні қағу дерегі бойынша сот алды тергеу амалдары басталған. Ал көлік қаққан бойжеткен дәрігерлердің бақылауында.

Соңғы жаңалықтар