Талдықорғанда бір топ шабандоз қала көшелерінде көкпар ұйымдастырды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Талдықорғанда бір топ шабандоз облыс орталығының көшелерінде көкпар ұйымдастырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Көкпар тартқандардың видеосы әлеуметтік желілерде таралып, қала тұрғындарының наразылығын тудырды. Полицейлероқиғаның ізін суытпай бірнеше сағаттың ішінде күдіктілердің бірін - Текелінің 27 жастағы тұрғынын ұстады. Бүгін тәртіп сақшылары қалалық полиция бөліміне жеткізілген кокпарға қатысушылардың қалған мүшелерін анықтап, қамауға алды.

«Барлығы жеті заң бұзушы ұсталды, олардың негізгі бөлігі – Ескелді ауданының тұрғындары. Олардың қала маңындағы ауылдардың бірінде көкпар шапқандықтары анықталды. Ұлттық ойынға ынталы шабандоздар қала шекарасынан өтіп, облыс орталығының көшелеріне ауысқан. Ұсталғандар қазір жауапкершілікке тартылуда», - деп хабарлады Алматы облысының ПД баспасөз қызметінде.

Заң бұзушыларға қатысты жиналған материалдар сотқа жіберілді. Олардың әрқайсысы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Авторы: Хасан Еспанов

Соңғы жаңалықтар