Талдықорғанда белгісіз біреу дүкен кассасын тонап кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда белгісіз біреу дүкен кассасын тонап кетті. Оқиға жеміс-жидек сататын дүкенде болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.   

Ұрының бұл әрекеті бейнежазбаға жазылып қалған. Бүгін жәбірленуші полицияға шағымданып, арызын қалдырды.

Жәбірленушінің сөзінше, келтірілген шығын көлемі 500 мың теңге шамасында. Қазіргі таңда аталған факті бойынша ҚР ҚК 188 бабы яғни, «Ұрлық» дерегі бойынша іс қозғалып, тергеу жұмысы жалғасуда. Қазір аталған оқиғаның видеосы фейсбук әлеуметтік желісінде жарияланды. Ұрыны таныған адамға арнайы сыйақы берілетіні де хабарланған.

Соңғы жаңалықтар