Талдықорғанда базар өртенді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қаңтардың 2-нен 3-не түні сағат 00:08-де қаланың шұғыл қызметтеріне «Шаған» ЖШС-нің базарындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына өртке қарсы қызметтің 8 көлік цистернасы мен 33 өрт сөндіруші шықты. Келген кезде «Шаған» ЖШС базарының киім қоймасы өртеніп жатқаны белгілі болды. Жалын 200 шаршы метр аумаққа тараған. Шұғыл қызметтерге көмек көрсету үшін төтенше оқиға орнына «Көркем Талдықорған» ЖШС мен «Жетісу су құбыры» МКК-ның екі су тасушы машинасы келіп жетті. Тонаушылықты болдырмау үшін базар аумағы толық қоршалды.

Киім базарының тез жанатын қоймасы өртенгеніне қарамастан, ол жедел қызметтердің күшімен cағат 02:08-де сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта оқиға орнында Талдықорған ІІД мен ТЖБ-ның қызметкерлерінен құрылған тергеу тобы жұмыс істеуде. Алдын ала болжам бойынша, өртке электр өткізетін сымдардың тұйықталуы себеп болды.

Соңғы жаңалықтар