Талдықорғанда басына газ құбыры құлаған оқушының миы шайқалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда оқушы қыздың басына газ құбыры құлап, оның миы шайқалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зардап шеккен қыздың анасы газ құбырын жасағандарды сотқа беремін деп отыр. Оқушы Галина Лебедева басына ауыр газ құбыры құлағанда есінен танып қалғанын айтады. Оқиға үйінің қоршауының сыртында болған.

«Баламның миы шайқалған. Дәрігер қызыма тыныштық керек деді. Дәрігерге қаралған барлық құжаттарымыз бар. Ал ертең баламның денсаулығына құбырдың қандай салдары болатынын ешкім білмейді. Қызымның қан қысымы төмендеп, басы ауыратынды шығарды. Бізде Талдықорғанда балалар невропатологы жоқ екен. Айына бірақ рет келеді маман. Қазір қызымды ақылы емханаға қаратып жатырмын», - деді қыздың анасы Виктория Лебедева.

nullЗардап шеккен қыздың анасы газ құбырлары өте сапасыз жасалған деп отыр. Олар тұрып жатқан «Қазақстан» көшесіндегі газ құбырлары қатты жел соқса құлауы мүмкін деп қауіптенуде.

Ал, бұл жұмыстарды әкімдік мердігерден былтыр қабылдап алған.

«Жұмыс қабылданғаннан кейін белгілі бір мерзімге мердігер кепілдеме береді. Жұмыста кеткен кемшіліктер қабылдаған кезде білінбеуі мүмкін. Бірақ уақыт өте келе кейіннен шығып жатады. Біз тексеру жүргіземіз. Ондай кемшіліктер болса мердігер қайта қалпына келтіреді. Ал зардап шеккен қыздың ата-анасына мердігер мекеменің өкілдері барып сөйлесті. Мердігер мекеме материалдық, моральдық жағынан толықтай көмегін тигізеді. Оған біз бағдарламаның әкімшісі ретінде кепілдік береміз», - деді Алматы облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы бастығының орынбасары Дамир Дәулетхан.

Айта кетейік, жалпы Талдықорғанды газдандыруға 19 млрд теңге бөлінген. 2016 жылдан бастап қаланы төрт кезең бойынша газдандыру жүріп жатыр. Қазір соңғы кезеңі аяқталуға жақын.

Соңғы жаңалықтар