+7 (701) 759 90 19
USD 425.49 EUR 512.84
RUB 5.63 CNY 64.83
Jańalyqtar

Талдықорғанда баспана кезегінде тұрған 55 отбасына коттедж үй берілді

2019 жылғы 16 желтоқсан 14:29
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда баспана кезегінде тұрған 55 отбасына коттедж үй берілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні Талдықорғанда 55 отбасына коттедж үй берілді. Қоныс иелеріне баспана кілтін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда жаңа баспанаға сұраныс артты Президент тапсырмасымен Ақтөбедегі Үсеновтер отбасының баспана мәселесі оң шешімін тапты Нұр-Сұлтанда мұғалімдер, медицина мамандары және өрт сөндірушілер пәтер кілтін алды

Әр коттедж үйдің ауласы - 10 сотық. Ал әр баспананың көлемі - 90 шаршы метр.

«Толық емес отбасы ретінде баспана кезегінде 15 жыл тұрып, бүгін арман болған үйімізге қол жеткіздік. Өзімнің 3 балам, сегіз немерем бар. Тәуелсіздік күнінде баспаналы болып жатқан барша халықты қоныс тойымен құттықтаймын», - дейді қуанышымен бөліскен Рауза Қазақбайқызы.

Талдықорған қалалық әкімдігінің мәліметінше, бүгін берілген коттеджді үйлердің барлығы - жалға берілетін баспана. Және бұл үйлер жекешелендірілмейді.

«Осы коттеджді қалашықтың аумағында 900 орындық мектеп салынады. Қазір мектептің жобасын бастадық. Балабақша саламыз. Әлеуметтік нысандардың барлығы болады. Осының барлығы - Тәуелсіздігіміздің, мемлекеттік бағдарламалардың жемісі деп білемін», - деді қоныс иелерін құттықтаған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT