Талдықорғанда балабақшалардың 50 пайыздан астамы - жекеменшік

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда қала күні мерекесі қарсаңында 125 орындық жекеменшік балабақша ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Біздің ең басты байлығымыз - балаларымыз. Олар қуанса, біз де қуаныштымыз. Жаңа мекеме нағыз бақыт мекені болсын!", - деді мекеменің ашылу салтанатында қала əкімі Бағдат Қарасаев.

null 

Шаһар басшысы атап өткендей, қалада 3-6 жастағы балалардың 92,5 % мектепке дейінгі біліммен қамтылған. Жыл аяғына дейін бұл көрсеткішті 94-95% жеткізу көзделген.

Жаңадан ашылған балабақшаның ақысы айына 19 мың теңгені құрайды. Мекеме меңгерушісі Зүлфия Валишанованың айтуынша, бұл соманың ішіне төрт мезгіл ыстық тамақ, сондай-ақ əн-би үйірмесі мен тіл курсының ақысы кіреді.

null 

Жалпы, Талдықорғанда 61 балабақша бар. Оның 37-сі жекеменшік.

Айта кету керек, Талдықорғанда қала күніне арналған мерекелік шаралар 8 қыркүйектен басталды. Түрлі шығармашылық байқаулар, шеберлік сабақтар, ретро концерттер мен спорттық сайыстар, танымал тұлғалармен кездесулер, әлеуметтік нысандардың ашылуы, кәсіпорындардың тұсаукесерлері секілді көптеген шаралар биылғы мерекенің сәнін кіргізетін болады. Ал, негізгі мереке 30 қыркүйек күні сағат 10:00-де қаланың орталығынан басталып, Жастар спорт сарайы маңындағы алаңда және «Жастар» саябағында жалғасады.

null null 

Соңғы жаңалықтар