+7 (701) 759 90 19
USD 435.76 EUR 493.41
RUB 5.89 CNY 68.37
Jańalyqtar

Талдықорғанда Бақытбек Есентаевтың соты жалғасуда

2016 жылғы 31 қазан 11:06
Бөлісіңіз:
Талдықорғанда Бақытбек Есентаевтың соты жалғасуда

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Бақытбек Есентаевтың соты жалғасуда. Жабық режимдегі бұл жолғы сот отырысында қос тарап жарыссөзге шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бақытбек Есентаевтың қорғаушыларының бірі Мырзатай Мұхтар Біржанұлы бүгінгі сот отырысына Баян Мақсатқызының да келетінін айтты.

Айта кетейік, Бақытбек Есентаевтың соты 18 қазанда басталған болатын. Алғашқы тыңдалымға Баян Мақсатқызы қатысты. Ол өзінің бұрынғы күйеуін толықтай кешіргенін айтып, бас бостандығынан айырмауды өтінді.

Бақытбек Есентаев зорлық-зомбылық, зорлау фактілерінен өзге адам өлтіруге оқталу бабы бойынша жауапқа тартылуда. Ең ауыр бап та осы. Қазіргі таңда заңгерлердің басым бөлігі зорлау, зорлық-зомбылық баптары бойынша іс қысқартылса да, адам өлтіруге оқталу бабы бойынша Бақытбек Есентаев жазаға тартылуы мүмкін, деген пікірлерін білдіруде. Ал процестің бір ерекшелігі бұл жерде алқа билері қатысуда. Шешімді алқа билер қабылдайды.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айында Есентаевтардың отбасында болған жағдай қалың жұрттың жағасын ұстатты. Бақытбек Есентаев өзінің 20 жыл бойы отасқан әйелін пышақтап, ауруханадан бір-ақ шығарды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT