Талдықорғанда әйелге жай түсті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда 34 жастағы әйелге жай түсіп, ол ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2-3-інші дәрежедегі күйік жарақатымен әйел жеткізілді. Әйелге жай түсіп, оң аяғының саны мен табанын зақымдаған. Денесінің 3-5 процентін күйік шалған. Науқас толығымен тексерілді. Ішкі органдарына зақым келмеген. Әйелдің жасы 34-те. Найзағай болған кезде далада жүруге болмайтындығын ескертеміз», - деді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар