Талдықорғанда автобус аялдамасын қиратқан бұзақылар ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Талдықорғанда автобус аялдамасын қиратқан бұзақылар ұсталды. Үш жігіт аялдаманың әйнегін таспен ұрып қиратқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өз кінәмді толығымен мойындаймын. Не үшін мұндай әрекетке барғанымды өзім де білмеймін. Қатты өкінемін. Талдықорғандықтардан кешірім сұраймын», -деді Эльдар Гамаутдинов.  

Олардың бұл әрекетін сол жерден өтіп бара жатқан патрульдік полиция қызметкерлері көріп қалған. Тәртіп сақшыларының көлігін көрген үшеу қашып кетпек болған. Алайда полиция оларды алысқа ұзатпай ұстап алған.

«Қазіргі таңда шығын көлемі есептеліп жатыр. Соған байланысты істің қандай түрге жататынын анықтаймыз. Әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады»,  - деді  Талдықорған қалалық ІІБ учаскелік инспекторы Әмір Көпбосынов.

Анықталғандай, вандалдардың екеуі Алакөл ауданының тұрғыны. Тағы біреуі Алматы қаласынан қыдырып қонаққа келген. 6-шағын аудандағы аялдаманы бүлдірген жастар құрылыс фирмасының жұмысшылары. Олардың мұндай әрекетіне қарттар қатты қапалы. Сондықтан қала тұрғындары  уақытша ұстау мекемесіне арнайы іздеп барып вандалдардың әрекетін сынға алды. Ал бұзақылар жасаған істеріне қатты өкінетінін айтып, кешірім сұраумен болды.

Соңғы жаңалықтар