Талдықорғанда әскери қызметшінің мәйіті табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Талдықорған қаласындағы шағын аудандардың бірінен әскери қызметшінің мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл фактіні ҚР Қорғаныс министрілігі Ақпарат және коммуникация департаментінің басшысы Данияр Әлжанов растады.

«Талдықорған қаласының Қаратал шағын ауданында 36 жастағы әскери қызметшінің өлі денесі табылды. Жергілікті полиция жедел-тергеу тобын құрып, істің жай-жапсарын анықтауды бастап кетті», - деді Данияр Әлжанов ҚазАқпарат тілшісіне берген жауабында.

Оның айтуынша, Қорғаныс министрлігі заңнамаға сәйкес марқұмның отбасына көмек көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар