Талдықорғанда әнші Қайрат Нұртас отырған көлік жол ережесін өрескел бұзды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда Қайрат Нұртас отырған көлік жол ережесін өрескел бұзды. Олар көлік жүруге тыйым салынған жермен жүріп өткен, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Желіге әнші Қайрат Нұртастың көлікпен жүруге рұқсат етілмеген жермен кетіп бара жатқан видеосы жарияланды. Бұл жайтқа оқырмандар наразылық білдіріп, ережені бұзған көлік жүргізушісі анықталып, оған айыппұл салынды.

«Mercedes-Benz жүргізушісі Талдықорған қаласында ҚР Жол ережелерін бұзуға жол бергенін хабарлаймыз (Қозғалысқа тыйым салынады). Іздестіру іс-шаралары барысында 45 жастағы автокөлік жүргізушісі Алматы қаласының аумағында ұсталып, ҚР ӘҚБтК 601-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды (Жол белгілерімен көрсетілген талаптарды сақтамау). Жетісу полициясы азаматтарға белсенді азаматтық ұстанымын көрсеткені, құқық бұзушылықтарға бейжай қарамағаны және құқықтық тәртіп органдарына жәрдемдескені үшін алғыс білдіреді», - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, Қайрат Нұртас видеоны Талдықорғанның орталық алаңында түсірген. Орталық алаңда көліктерге жүруге шектеу қойылған.

Соңғы жаңалықтар