Талдықорғанда анасын өлтірген жасөспірім психиатриялық ауруханаға жіберілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда туған анасын өлтірген 17 жастағы Әлішер Кәрім психиатриялық ауруханаға жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол Алматы облысындағы Талғар ауданының Ақтас ауылындағы жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық ауруханаға жіберілді.

Айта кету керек, Алишер Кәрімге ҚР Қылмыстық кодексі 99-бабының 2- бөлігі 3-тармағы бойынша айып тағылған. Кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімнің ісі Талдықорғандағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды.null 

Анасын өлтірген бала іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасауына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған.

Сот қаулысына сәйкес, Алишер Кәрімге мамандандырылған үлгідегі психиатриалық стационарда медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу түріндегі шарасы тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, жантүршігерлік оқиға биыл наурыз айында болған еді. Ол кезде Алишер 11 сыныпта оқып жүрген. Ломоносов мектебінің директоры баланың сабақтағы үлгерімі жақсы болғаны жөнінде айтқаны бұған дейін хабарланды.

 

Соңғы жаңалықтар