Талдықорғанда алып көбелектердің көрмесі өтіп жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Талдықорғанда экзотикалық көбелектердің көрмесі өтіп жатыр. Жұрт назарына сұлу қанатты жәндіктердің 20-дан астам түрі ұсынылуда. Кейбір көбелектердің жайылған қанатының ұзындығы 30 сантиметрге дейін жетеді.

null null null
Көрмені дағыстандық азаматтар ұйымдастырды. 23 қазанға дейін жалғасады. Және көбелектер көрмесі еліміздің өзге де қалаларында өтеді  деп жоспарлануда.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл әдемі жәндіктер қысқа ғұмыр кешсе де, айналасын тамаша әсерге бөлейді. Олар ылғалды және жылуды сүйеді, түрлі жеміс шырынымен қоректенеді.

null null  

 

Соңғы жаңалықтар